back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің "№9 лицейі" Коммуналдық Мемлекеттік мекемесі
«Педагогика әлемі» курсы бойынша 2025-2026 оқу жылында жүргізілген жұмыс есебі
20-08-2026 10:49

Қарағанды облысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің  «№9 лицейі» КММ

«Педагогика әлемі» курсы бойынша

2025-2026 оқу жылында жүргізілген жұмыс есебі

Курстың  мақсаты – жалпы орта білім берудің үшінші сатысында білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына жағдай жасау және педагог мамандығын таңдауға оң көзқарасын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларды  өзін-өзі тануға ынталандыру және олардың қабілеттерін дамыту;
  • педагогикалық қызметке тұтас көзқарасты қалыптастыру арқылы кәсіби таңдау мотивтерін және кәсіби өзін-өзі анықтау қажеттілігін дамыту;
  • оқушылардың  кәсіби педагогикалық іс-әрекетіне, мұғалім тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттеріне қойылатын талаптарды талдауға жағдай жасау;
  • мұғалім мамандығының ерекшеліктерін түсінуге ықпал ету;
  • сындарлы педагогикалық қарым-қатынас, мінез-құлық пен белсенділікті өзін-өзі реттеу дағдыларын, топта жұмыс істей білу дағдыларын дамыту;
  • оқушыларға  кәсіби және тұлғалық өзін-өзі дамыту стратегияларын құруға жағдай жасау.

Аты жөні

Қызметі

Сыныптар 

Санаты

1

Абдрасилова Салтанат Нуридиновна

Педагог-психолог

10А, 10Ә

11А, 11Ә  

Педагог-сарапшы

Факультативтіксабақтарбағдарламасыныңмазмұныжоғарысыныпоқушыларыныңбірқатарсұрақтарғажауапіздеуінөзектіететінтақырыптардықамтиды: Мұғаліммамандығыдегенімізне? Оныңбасқамамандықтарәлеміндегіорнықандай? Мұғаліммамандығықалайжәнеқашанпайдаболды? Оныңерекшелігінеде? Педагогикалықіс-әрекетдегенімізне? Мұғалімгеқойылатынталаптарқандай? Мұғалімнеістейалуыкерек? Мұғалімқандайқасиеттергеиеболуыкерек? Менмұғалімболааламынба? Мендеқажеттікәсібимаңыздықасиеттербарма? Осықасиеттердідамытуүшіннеістеукерек?

Менбүгінөзімдімұғалімретіндесынайаламынба? т.б.

Бұлкурс  төртмодульгеқұрылымдалған: 

Модуль1. «Мұғалімдікмамандықәлемінде»екінегізгібөлімдіқамтиды: «Мұғаліммамандығы: кеше, бүгін, ертең» және«Қазіргізаманғымұғалімбейнесі». Модуль мазмұны студенттердің мұғалімдік мамандық туралы түсінігін қалыптастыруға, оның жоғары мақсатын түсінуге көмектесуге, педагогикалық қызметтің мәнімен таныстыруға және мұғалім мамандығына тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға арналған.

Модуль 2. «Танушы адам:танымның практикалық психологиясы». Оның мазмұны оқушылардың танымдық-рефлексивтік стратегиясын және сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыруға, олардың таным және өзін-өзі тану психологиясы саласындағы идеяларын кеңейтуге және коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Екінші модуль үш негізгі бөлімді қамтиды: «Таным және танымдық белсенділік», «Сенсорлық-перцептивті процестер», «Танымдық процестер».

Модуль 3. «Мен мұғалімдік қызметтемін»екі негізгі бөлімді қамтиды: «Ішіңіздегі мұғалімді ашыңыз» және «Менің кәсіби таңдауым». Модульдің мақсаты – тұлғаның жеке және кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға жағдай жасау, таңдалған кәсіби бағыттың әлеуетін пайдалана отырып, тұлғалық өсу стратегиясын құру.

 Модуль 4. «Өзіңді таны» педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері туралы студенттердің білімін жүйелеуге, жоғары сынып оқушыларының кәсіби маңызды қасиеттері мен педагогикалық қабілеттерін дамытуға өзіндік көзқарасын дамытуға, сондай-ақ «Өзіңді тану» пәні тақырыптарын оқу кезінде кәсіби өсу мүмкіндіктерін көруге мүмкіндік береді. психологиялық-педагогикалық бағыттылық.

«Педагогика әлемі» факультативтік сабақтарын өткізуге педагогикалық ұжым (мұғалімдер, мектеп психологтары, педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары және т.б.) тартылуы мүмкін. өз мамандығын сүйетін, педагогика мен психологияны меңгерген, заманауи білім беру технологияларын меңгерген, педагогикалық мәселелерді шешуге шығармашылықпен қарайтын, кәсіби өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, студенттер мен әріптестер арасында беделге ие. Факультативтік сабақтарға жетекшілік ететін мұғалімнің міндеті – жоғары сынып оқушыларының мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылығын оятып, мұғалімдік шешім қабылдауда шыңдау.

«Педагогикалық сынып» жобасына  Педагогика әлемі курс бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларымен аптасына бір рет жүргізіледі. 

Оқу жылы барысында қазан айында мұғалімдер күні қарсаңында Өзін-өзі басқару ұйымы жоғары сынып оқушыларымен бірлесе отырып сабақ үзінділерін өткізу, мектепішілік апталықтарда дублер сабақтар жүргізді. Мектеп ұжымымен қызықты танымдық сабақтар өткізіліп, оқушылар көңілінен орын тапты. 

  • Ұстаздар күні қарсаңында ,Мұғалім болу мақтаныш, жобасы аясында кәсіподақ ұйымы атынан дайындалған сыйлықтармен ардагер ұстаздар:Ахметов К., Усманова Ж., Тұрдымұратова О мұғалімдерді құттықтады.  Болашақ мұғалім мамандығын таңдаған оқушылар өздері қызықтырған сауалдарымен бөлісіп, кеңестерін алды
  •  Мұғалім болу мақтаныш, облыстық педагогикалық бейіндік жобасы аясында, Қарағанды облыстық оқу әдістемелік орталығы мен Е.А Бөкетов ат. Қарағанды университетінің Педагогика факультеті ұйымдастыруымен өткен педагогикалық олимпиадаға лицейіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпазымыз Маханбеткалиева Жанерке  және жетекшісі Дорбетхан Нұргүлді  құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
  • Теміртау қаласы Мирас колледжінде ұйымдастырылған конкурста 9-сынып оқушысы Жанзахова А жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі Бекмуратова Г.А.

 

  • Ы Алтынсариннің 185  жылдығына орай ұйымдастырылған "Мұғалім болу -мақтанышым" облыстық педагогикалық  ғылыми-танымдык конференциясына 9-сынып оқушылары: Нұржанұлы Азамат пен Әбікен Бексұлтан жетекшілері Абдрасилова С.Н. және Мамырова Арайлым жетекшісі Балтабекова А.А оқушыларының баяндамаларын облыс көлемінде қорғап  сертификат иеленді және оқушылардың жұмыстары жинаққа енді.
  • 2025ж Саран қаласында ұйымдастырылған педагогикалық слетке директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасар Болбаева П.А және кәіби бағдарберуші Орынбаева Н 10-сынып оқушыарынан құралған команданы дайындап,  лицейіміздің пед сынып оқушыларын командасы қатысып жүлделі ІІ орын  алды.  
  • .«Мектеп кеңістігінде оқу және сыныптан тыс іс-әрекеттерді интеграциялау арқылы кәсіби бағдар беру ортасын дамыту»  облыстық интенсив  жүргізілді. Мектеп әкімшілігі және  педагогикалық сынып кординаторы, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Болбаева П.А ұйымдастыруымен  педагогикалық мамандыққа қатысты «Педагогикалық  идеялар» мен «Арманы асқақ оқушы» педагогикалық көрмесі, дублер сабақтар және шеер сабақтар қйымдастырылды. 

Семинар бастамасы:Мектеп кеңістігінде оқу және сыныптан тыс іс-әрекеттерді интеграциялау арқылы кәсіби бағдар беру ортасын дамыту,  Білім беру үдерісінде кәсіби бағдар мен тәрбиенің сабақтастығы, Кәсіби бағдар берудегі сабақтастық Теміртау қаласының медициналық колледждерінің мамандықтар панорамасы мен мүмкіндіктері тақырыптарындағы мамандар баяндамасымен бөлісті.  

Кәсіби бағдар беру ортасындағы мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті: сабақ пен тәрбие сабақтастығы бөімінде:

 

Кәсіби бағдар беру ортасындағы мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті: сабақ пен тәрбие сабақтастығы

«Математика – болашақ маманның тірегі»  (ықшам сабақ)

№26

 

 

Байболова Мөлдір Тұрмағанбетқызы, математика пәні мұғалімі  және 11 сынып оқушысы Сақтағанова А 

«Құндылықтар қақтығысы: Қазіргі қоғамда Қайрат пен Ақылды Жүрекке қалай бағындыруға болады?» (ықшам сабақ)

№24

Хавалхан Рахия,   қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі және 10 сынып оқушысы Мұхаметкалиева Б

 Туған өлкенің визит картасы: географиялық өлкетанудың деректер базасын әзірлеу

(ықшам сабақ)

№29

 

Азимкулова Улбусин Уринбасаровна, георгафия пәні мұғалімі және 11 сынып оқушысы Қуаныщ С

«Оқуды жеңілдетудің заманауи құралдары»

(ықшам сабақ)

№23

Алданазарова Бакыт Шариповна, информатика пәні мұғалімі

«Мамандықтар әлемі- болашаққа қадам» 

 (тәрбие сағаты)

№21

Туребаева Балнур Калибаевна,    бастауыш сынып мұғалімі

Менің мамандығым - менің таңдауым» (тәрбие сағаты)

Кітапхана

Алданыш Малика, ағылшын тілі пәні мұғалімі

Облыстық семинар соң облыстың әр аймағынан келген ұстаздардың «Бүгін мен үшін әдісі» тренинг Қатысушылар бүгінгі семинардан алған әсерлерін қимылмен көрсетеді:

  • Бас:«Бүгін мен үшін ең маңызды ақпарат...» қатысушылар қолдарын басына қойып, ойын айттты
  • Жүрек:«Бүгін мен үшін «Адал азамат» құндылықтарының ішіндегі ең жақыны...» қолдарын жүрек тұсына қойып көптеген жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер алғанын, ұжымның қалыптасқан өз тәжірибелерін жүйелі өткізіліп жүрген жұмыстар екенімен атап өтті.
  • Аяқ:«Бүгіннен бастап мен өз іс-тәжірибеме енгізетін қадам...» бір орында нық тұрып немесе адымдап алдағы уақытта өз тәжірибелерінде қолданатынан айтты.
  • Қол:«Бүгін мен үшін әріптестерімнен алған қолдауым...» көршісінің иығынан ұстап немесе қол ұстасып тек тыңдап көруші ғана емес, оқушылармен, мектеп ұстаздарымен бірге жұмыс жасағандары, алдағы уақыттада байланыста болатындықтарымен бөлісті.
  • Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығы бастамасымен Саран қаласы Абай атындағы гуманитарлық колледжде дәстүрлі ұйымдастырылатын халықаралық жәрмеңкеге ағылшын тілі мұғалімі Қанат Назерке мен орыс тілі пән мұғалімі Уринасарова А жас мамандарымыз  өз тәжірибесімен бөлісіп, жүлделі ІІІ орын иеленіп келді.

Педагогикалық сынып жобасы аясында әкімшілік тарапынан қолдау ретінде жүзеге асырылған іс-шаралар қатарында:

Тренингтер мен семинарлар: Педагогтармен құзіреттіліктерін дамыту, эмоционалдық күштенудің алдын алу  жұмыстары:

         Мұғалімдердің буллингті тану және оның алдын алу дағдыларын арттыру мақсатында келесі шаралар өтті:

         Семинар-тренингтер: Сыныпта қауіпсіз орта қалыптастыру, буллингті ерте анықтау және мұғалім-оқушы арасындағы сенімді нығайту.

         Психологиялық жеңілдету: МАК карталары (Метафоралық ассоциативті карталар) арқылы эмоциялық қолдау көрсету тренингі.

         Арт-терапия: «Менің бейнем» әдістемесі арқылы ұжымда жағымды қарым-қатынас орнату.

         «Баламен қалай дос  болуға болады»  тақырыптарында жұмыстар жүргізілді.

Интерактивті оқу әдістерін енгізу: Сыныпта интерактивті тақталар мен компьютерлер қолданылды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтері, топтық жұмыстар, және жобалар ұйымдастырылды.

     Педагогикалық сынып жобасы аясында оқушылардың педагог мамандығына қызығушылығы артып, кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі байқалды. Олимпиада, ғылыми конференция, педагогикалық слеттер мен облыстық іс-шаралар арқылы оқушылардың педагогикалық қабілеттері дамытылып, болашақ мамандықтарын саналы таңдауға мүмкіндік жасалды. Алдағы уақытта практикалық жұмыстарды кеңейту, ата-аналармен байланысты нығайту және заманауи технологияларды қолдану арқылы жобаның тиімділігін одан әрі арттыру жоспарлануда.

Педагогикалық сынып жобасы аясында әкімшілік тарапынан қолдау ретінде жүзеге асырылған іс-шаралар қатарында:

Тренингтер мен семинарлар: Педагогикалық қызметкерлер үшін арнайы тренингтер ұйымдастырылды. Бұл тренингтерде инновациялық оқыту әдістері, ақпараттық технологияларды қолдану, және педагогикалық психология мәселелері қарастырылды.

Интерактивті оқу әдістерін енгізу: Сыныпта интерактивті тақталар мен компьютерлер қолданылды. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтері, топтық жұмыстар, және жобалар ұйымдастырылды.

Кездескен кедергілер:  :

  • Педагогика әлемі  курсы оқушыларда арнайы оқулық болмағандықтан, қосымша мәліметтер іздестіру қажеттігі,  материалдық техникалық базаның, оқу әдістемелік құралдардың жетімсіздігі

            Проблемаларды шешу жолындағы ұсыныстар:

  • «Педагогика әлемі»  курсы барысында пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, дублер сабақ  кіріктірілген біріккен сабақтар өткізу, оқушылардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы, өзін өзі басқару, сахналық өнер және ішкі мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жандандыру.
  • Пәнаралық байланысты нығайту, сынып оқушыларымен дәстүрлі емес формада сабақ әдіс тәсілдерін түрлендіру. /конференция сабақтар, акция, флешмоб т.с.с. ұйымдастыру.

Орындаған: Абдрасилова С.Н.

Новости