Теміртау қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық аясында «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-де «Ашық есік күніне» арналған іс-шара өтті.
???? Тақырыбы: «Біртұтас білім беру кеңістігі: Балабақша – Мектеп»
Іс-шара барысында балалармен түрлі қызықты жұмыстар жүргізіліп, олардың білімге деген қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері дамытылды. Болашақ оқушылар мектеп өмірімен танысып, жаңа ортаға бейімделуге мүмкіндік алды.
???????? Балалардың белсенділігі мен қуанышты сәттері шараның жоғары деңгейде өткенін көрсетті!



