Бұл жай ғана сапар емес, студенттік өмірге шынайы ену болды. Мектебіміздің тоғызыншы және он бірінші сынып оқушылары университеттің кең дәліздері мен заманауи оқу бөлмелері арқылы қызықты саяхатқа шықты. Қазтұтынуодағы белсенді және шығармашыл студенттерінің сүйемелдеуімен болашақ түлектеріміз университеттің ең қызықты бұрыштарын аралап, заманауи кабинеттерді аралады. Бүкіл кампусты мерекелік атмосфера биледі! Бүгінгі күннің ерекшелігі университеттің дарынды студенттері дайындаған тамаша концерт болды. Күн зымырап өте шықты!