Адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ата-аналар жиналысы
Мектеп-лицейімізде ата-аналар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен бас тартудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Парасаттылық сағаты» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында қатысушыларға парасаттылық, әділдік және ашықтық қағидаларының қоғамдағы орны кеңінен түсіндіріліп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі ерекше атап өтілді.
