«Менің Отанымның беттерімен»
2026 жылғы 27 қаңтарда «Заң және тәртіп» айлығы аясында 10 «А» сынып оқушылары арасында «Менің Отанымның беттерімен» атты патриоттық ойын өткізілді.
Ойынның басты мақсаты – білім алушылардың азаматтық жауапкершілігі мен өзіндік қадір-қасиет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтар мен бостандықтар туралы білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.
Ойын интерактивті форматта өтіп, 35 сұрақтан тұрды. Ойын барысында оқушылар үлкен қызығушылық пен жоғары белсенділік танытып, Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген құқықтар, бостандықтар мен міндеттер бойынша жақсы білімдерін көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша жеке есепте жеңімпаздар анықталып, олар «Құқық негіздері» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша бонустық сертификаттармен марапатталды.
Байқау нәтижесінде І орын – Кадин Родион мен Яшина Екатерина,
ІІ орын – Антипов Сергей,
ІІІ орын – Мансуров Ильхам мен Пономарев Николай иеленді.