Жолдағы қауіпсіздік: 6 «А» сыныбы білімдерін шыңдады!
Бүгін мектебіміздегі 6 «А» сыныбында Жол жүрісі ережелеріне (ЖЖЕ) арналған ерекше сабақ өтті. Сабақтың басты тақырыбы – «Жаяу жүргіншілер өткелдерінің түрлері». ????
Сабақ барысында оқушылар: ???? Жаяу жүргіншілер өткелдерінің қандай түрлері болатынын зерттеді; ???? Жол белгілеріндегі айырмашылықтарды және олардың мағынасын үйренді; ???? Ең қызығы – оқушылар өз сыныптастарына тақырып бойынша дайындаған мәліметтерін айтып, өзара тәжірибе алмасты. ????️????
Біз үшін балалардың қауіпсіздігі – бірінші орында! Жол ережесін жатқа білу – өмір қауіпсіздігінің кепілі. ✅
Жолда абай болайық, достар!