8-сыныпта цифрлық ортада қауіпсіз және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған "Цифрлық гигиена" квест-ойыны өткізілді.
Квест барысында оқушылар жеке деректерді қорғауға, күшті парольдер жасауға, фишингтік хабарламаларды тануға және желідегі қауіпсіз байланыс ережелеріне байланысты тақырыптық тапсырмаларды орындады. Балалар киберқауіпсіздік саласында тапқырлық, ұқыптылық және білім көрсете отырып, командаларда жұмыс істеді.
Іс-шара цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және интернет-ресурстарды саналы түрде пайдалануға ықпал ете отырып, белсенді және танымдық өтті.