"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ—де жасөспірімдерді заңсыз қаржылық схемаларға тарту мәселесіне арналған тақырыптық фильм қаралды
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ—де жасөспірімдерді заңсыз қаржылық схемаларға тарту мәселесіне арналған тақырыптық фильм қаралды. Банк карталары мен дербес деректерді үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
Фильмнен кейін талқылау өтті, оның барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қаржылық сауаттылық пен жеке жауапкершіліктің маңыздылығы туралы қорытынды жасады.