2026 жылғы 11 ақпанда "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ мектеп қызметкерлерімен Абай ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің өкілдері — аға жедел уәкіл, полиция аға лейтенанты Михаил Сергеевич Карагодинмен және жедел уәкіл, полиция капитаны Төлеген Балғабайұлы Кәрімовпен кездесті.
Кездесу барысында дропперлік пен интернет-алаяқтықтың өзекті мәселелері қаралды. Полиция қызметкерлері азаматтарды құқыққа қайшы қаржылық схемаларға тарту тетіктерін түсіндірді, банк карталары мен дербес деректерді үшінші тұлғаларға берудің құқықтық салдары туралы айтып берді, сондай-ақ интернет-қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар берді.