“Мичурин негізгі орта мектебі” КММ де 3-сынып оқушыларымен «Мен өз құқықтарымды білемін» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Конырова В.К.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерімен таныстыру, сондай-ақ өз қалауы мен шынайы құқықтың айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Сынып сағаты барысында балаларға құқықтар мен міндеттер туралы түсіндірмелі бейнеролик көрсетілді. Бейнероликтен кейін оқушылар көргендерін талқылап, өз ойларымен және өмірден алынған мысалдармен бөлісті.Сонымен қатар, оқушыларға кейіпкерлердің құқықтары бұзылған ертегілер таратылды. Талқылау кезінде балалар қай жерде құқық бұзылғанын анықтап, өз пікірлерін айтып, қалау мен құқықтың айырмашылығын түсіндірді.Сынып сағаты қызықты әрі танымды өтті. Оқушылар белсенділік танытып, өз құқықтарын білу – өзін қорғаудың және өзгелердің құқықтарын құрметтеудің маңызды екенін түсінді.
В КГУ “Мичуринская основная средняя школа” в 3 классе был проведён классный час на тему «Я знаю свои права».
Классный руководитель;Конырова В.К.
Цель занятия — познакомить учащихся с их правами и обязанностями, научить различать собственные желания и реальные права.
В ходе классного часа ребятам было показано познавательное видео, в котором в доступной форме рассказывалось о правах и обязанностях детей. После просмотра учащиеся обсудили увиденное, делились своими мыслями и примерами из жизни.
Также детям были предложены сказки, в которых были нарушены права героев. В процессе обсуждения ребята активно рассуждали, объясняли, какие именно права были нарушены, и учились отличать желание от права.Классный час прошёл в тёплой и познавательной атмосфере. Учащиеся проявили интерес, активность и сделали важный вывод: знать свои права необходимо, чтобы уметь защищать себя и уважать права других.