Лудомания дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Лудомания дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
Бүгін мектебімізде 5 «ә» -сынып оқушыларына арналған «Лудомания – ғасыр дерті» атты өзекті тәрбие сағаты өтті. Сабақтың басты мақсаты — өскелең ұрпақты құмар ойындардың психологиялық әсері мен зиянынан сақтандыру. Лудомания — бұл жай ғана қызығушылық емес, бұл адамның психикасына, денсаулығына және әлеуметтік өміріне үлкен нұқсан келтіретін психикалық тәуелділік.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар тек ойын тәуелділігін ғана емес, сонымен қатар «Денсаулықты сақтайтын әдеттер» тақырыбында зерттеу жүргізді. Оқушылар күнделікті тұтынатын өнімдердің (чипсы, газдалған сусындар) құрамындағы зиянды тағамдық қоспаларды анықтап, дұрыс тамақтанудың маңызын талқылады.
10-минуттық қауіпсіздіқ сабағында салауатты өмір салтының пайдасы туралы және денсаулықты күтуді үйрету туралы айтылды. Біздің ұлттық құндылықтарымызда отбасы, еңбек және адамгершілік жоғары бағаланады. Ойынның соңында емес, шынайы өмірдің ортасында, мақсатты әрі дені сау болып өсейік!@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg


