back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
САҚ БОЛ, «ДРОППЕР» БОЛМА!
16-02-2026 08:57
САҚ БОЛ, «ДРОППЕР» БОЛМА!
САҚ БОЛ, «ДРОППЕР» БОЛМА! ????
Бүгін мектебімізде 8-11 сынып оқушылары үшін аса өзекті тақырыпта кездесу өтті. Нұра ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері — полиция майоры Смаилов Еркінжан Сергалиевич және полиция лейтенанты Сабыр Ақжол Ержанұлы оқушыларға «дропперлік» қаупі туралы түсіндірді.
Дроппер деген кім? Бұл — біреудің заңсыз ақшасын өз картасы арқылы өткізіп, пайыз алатын адам. Көбіне интернет-алаяқтар жастарды «жеңіл табыс» ұсыну арқылы алдайды.
Кездесуде не айтылды? Банк картасын немесе жеке деректерді бөгде адамдарға берудің соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні; Интернеттегі күмәнді жұмыс ұсыныстарынан қалай сақтану керектігі; Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтыны туралы нақты мысалдар келтірілді.
Полиция қызметкерлері оқушыларды қырағы болуға және тез келетін заңсыз табысқа қызықпауға шақырды. Өз болашағыңды алаяқтардың құрбаны болу арқылы бүлдіріп алма!
 
Новости