2026 жылғы 24 ақпанда Ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою мақсатында ұйымдастырылған «Ауыл-қала» жобасы аясында Нұра ауданының білім бөлімі мен Қарағанды қаласының «Білім-Инновация 1» лицейінің мұғалімдері бірлесіп кездесу өткізді. Кездесу барысында БТС тестілеу қажеттілігі мен оқушылардың білім деңгейін саралап уақытында көмек жасауға және тестілеу жауапкершілікті күшейтетін құрал екендігі туралы айтылды. Математика пәнінің мұғалімі Қалданов Серікжанның сабақ соңында жаңа тақырыптың тірек есептерінен құралған 5 тапсырмалық тест алу әдісімен бөлісті. Бұл- оқушының материалды қаншалықты меңгергенін жедел анықтауға мүмкіндік беретін таптырмас құрал. Ең бастысы, бұл тапсырмаларды сабақ аяқталғанша талдап үлгеруге болатыны өте тиімді.










