Мен – оқырманмын, мен – Патриотпын
Оқу сауаттылығы апталығы аясында «Мен – оқырманмын, мен – Патриотпын» тақырыбымен өтетін апталықтың үшінші күні жалғасуда. Бұл күні оқушыларға ұлттық тарих пен әдебиетті таныту мақсатында Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында оқушылар Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігі жолындағы еңбектері мен олардың ағартушылық, әдеби мұралары туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар олардың шығармаларынан үзінділер оқылып, ой-пікірлер айтылды.
Бұл іс-шара оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, патриоттық рухын көтеруге және қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.







