back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Таза Қазақстан
08-04-2026 15:12
Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында біздің мектептегі «Жасыл клуб» мүшелері қоршаған ортаны қорғаудың тың тәсілін ұсынады. Біз үшін қоқыс – жай ғана қалдық емес, ол – жаңа туындының бастамасы!
Эко-өнер дегеніміз не? Бұл – ескірген, жарамсыз деп танылған заттарды қайта өңдеп, олардан жаңа, пайдалы әрі эстетикалық құндылығы жоғары дүниелер жасау өнері.
Біздің мақсатымыз:
• Тұрмыстық қалдықтардың көлемін азайту.
• Табиғатты ластанудан сақтау.
• Оқушылардың шығармашылық әлеуетін экологиялық бағытта дамыту.
«Жасыл клуб» жұмыс барысында:
Клубымыздың оқушылары күнделікті тұрмыста қолданылатын пластик бөтелкелерден, қағаздардан және мата қалдықтарынан ғажайып дүниелер жасап шығарды.
Бұл жұмыстар арқылы оқушыларымыз табиғатты аялауды және әр затқа ұқыпты қарауды үйренеді. Экологиялық мәдениет – таза болашақтың кепілі! #тазақазақстан???????? #адал_азамат_біртұтас_тәрбие #жасылклуб
 
Новости