Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет
Адал ұрпақ еріктілер клубының жоспарына сәйкес оқушылар арасында “Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет” тақырыбында іскерлік ойын өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу, құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар, оқушылардың өз ойын еркін жеткізу, әділ шешім қабылдау, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту көзделді. #адал_азамат
@bilimboliminura #адалұрпақеріктілерклубы

