Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан
Нұра ауданы прокуратурасының хатына сәйкес, 18 мамыр күні «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» және «Халықаралық отбасы күніне орай» атты ауқымды акциялар аясында мектебімізде Нұра ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Д.С. Секишевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында мұғалімдер арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, сталкинг, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасындағы қоғамның рөлін нығайту тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, құқықтық кеңестер беріліп, қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың көмегіне жүгіну тәртібі түсіндірілді.
@bilimboliminura. #ЗаңМенТәртіп #ЗаконПорядок БалалардыҚорғау ОтбасындаЗорлықЗомбылықсызҚазақстан ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ


