back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Білімім – Отаныма
26-05-2026 11:50
Білімім – Отаныма
Мектебіміздің 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Білімім – Отаныма» және «Заң және тәртіп» тақырыптарында мазмұнды сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, білімнің маңызын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар білімді ұрпақ – ел болашағы екенін түсініп, туған елге адал қызмет етудің маңыздылығы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі талқыланып, «Заңға бағынған ел озар, заңсыз ел тозар» секілді нақыл сөздер арқылы тәртіптің маңызы түсіндірілді.
Оқушылар түрлі пікірталас, сұрақ-жауап және тәрбиелік тапсырмаларға белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Сынып сағаты жас ұрпақтың жауапкершілік, тәртіп және патриоттық қасиеттерін дамытуға бағытталды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
 
Новости