«Бала құқығы – басты құндылық»
“20 қараша- Дүниежүзілік балалар құқығын қорғау күні” аясында өткізілетін онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес , Жараспай ЖББМ -де «Бала құқығы – басты құндылық» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, өз құқықтарын білуге және құрметтеуге үйрету, құқықтық сауаттылығын арттыру. Әр баланың өмірі, денсаулығы, бостандығы мен қадір-қасиеті қорғалуы тиіс екенін ұғындыру.
Бала – еліміздің болашағы, қоғамның ең қымбат қазынасы. Әрбір бала бақытты балалық шақты, қамқорлық пен мейірімділікті сезініп өсуге құқылы. Баланың құқығын қорғау – әрбір отбасының, қоғамның және мемлекеттің маңызды міндеті.