АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
АТА-АНАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында «Оқу қиындықтарын еңсеруде балаға эмоционалды қолдау көрсету» және «Жасөспірімнің цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыптарында кездесулер өткізілді.
Кездесу барысында балаға эмоционалдық қолдау көрсетудің маңыздылығы, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік пен цифрлық мәдениет мәселелері талқыланды.
Басты мақсат – ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, отбасындағы қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.