“Тұлпар мініп, ту алған” облыстық байқауы
Жылдағы дәстүр бойынша өтетін Қарағанды облыстық әкімдігі, “Әділет” партиясының ұйымдастыруымен “Тұлпар мініп, ту алған” облыстық байқауының аудандық кезеңінде мектебіміздің 7 сынып оқушысы Төлеген Хәнифә мен 10 сынып оқушысы Аманбаева Сәметүл қатысып қайтты. Сүлеймен Жаңбыршин нұсқасындағы “Алпамыс батыр” жырын жатқа оқу сайысында қырықтан астам жас өрендер өз бақтарын сынады. Байқаудың мақсаты: Жас жеткіншектің бойына рухани мұраны сіңіру,батырлар жырын дәріптеу.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтжанова Балнұр Кенжетайқызы