«Абай – ұлы ақын»
20 ақпан күні Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББ мектебінің 3-сыныбында қазақ тілі пәнінен «Абай – ұлы ақын» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және оларды сөйлеу барысында дұрыс қолдану.
Сабақ барысында оқушылар түрлі ойын элементтері мен қызықты тапсырмалар арқылы тақырыпты меңгеріп, топтық және жеке, жұптық жұмыстарда белсенділік танытты.