«Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында жиналыс
Сәуірдің 14 күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Өзіне-өзі көмектесу және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамыту» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналыста интернет қауіпсіздігі мәселесіне де ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балалардың әлеуметтік желілерде қауіпсіз әрекет етуі, жеке мәліметтерді жарияламау, бейтаныс адамдармен байланыс орнатпау, кибербуллингтің алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, экран алдында ұзақ уақыт отырудың зияны, интернет тәуелділігінің белгілері және оны болдырмау жолдары бойынша ұсыныстар берілді.
Қорытынды аттестация мәселесі қарастырылып, оқушылардың емтиханға дайындық барысы, пәндерді таңдау және жауапкершілікті арттыру туралы ақпарат берілді. Ата-аналарға балаларға психологиялық қолдау көрсету, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру және дайындық кезінде шамадан тыс жүктемеден сақтандыру жөнінде кеңестер айтылды.
Жол қауіпсіздігі туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргінші өткелдерін пайдалану, бағдаршам талаптарын орындау, қараңғы уақытта сақ болу қажеттілігі ескертілді.