«Дені саудың – жаны сау» атты денешынықтыру апталығы аясында 5–7 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтауға баулу және ойл
«Дені саудың – жаны сау» атты денешынықтыру апталығы аясында 5–7 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру, денсаулықты сақтауға баулу және ойлау қабілетін дамытатын ұлттық әрі зияткерлік ойындарға қызығушылықтарын арттыру.
Сынып сағаты барысында: Оқушылар денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, зияткерлік ойындар ретінде шахмат және тоғызқұмалақ ойнап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Ойын арқылы оқушылар бос уақытты тиімді өткізудің және белсенді өмір салтын ұстанудың маңызын түсінді.
