Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың – жаны сау» атты дене шынықтыру апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, салауатты өмір салтын са
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың – жаны сау» атты дене шынықтыру апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, салауатты өмір салтын сақтаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және жас ұрпақты спортқа баулу. Сонымен қатар, оқушылардың дене белсенділігіне деген қызығушылығын арттыру, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу көзделді.
Іс-шара барысында апталықтың жоспары таныстырылды. Апталық аясында түрлі спорттық сайыстар, денсаулыққа арналған танымдық сағаттар, көңілді старттар мен сыныптар арасындағы жарыстар өткізу жоспарлануда. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың достық қарым-қатынасын арттыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
