back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында «Баскетбол снайпері» ойыны ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызы
17-02-2026 22:58
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында «Баскетбол снайпері» ойыны ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызы
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Дені саудың жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 9–11 сынып оқушылары арасында «Баскетбол снайпері» ойыны ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру, спортқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және дене белсенділігін күшейту. Сонымен қатар, жарыс арқылы оқушылардың мергендік қабілеттерін, дәлдік пен шапшаңдықтарын дамыту, өзара достық қарым-қатынасты нығайту көзделді.
Ойын барысында қатысушылар баскетбол добын себетке дәл түсіру бойынша өз шеберліктерін сынға салды. Әр оқушы өз мүмкіндігін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты. Жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Мұндай спорттық шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың ерік-жігерін, табандылығын және командалық рухын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Новости