Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ 8–9 сынып оқушылары арасында кіші футбол жарысы өткізілді. Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ ұйымшылдық пен кома
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ 8–9 сынып оқушылары арасында кіші футбол жарысы өткізілді.
Аталған спорттық шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ ұйымшылдық пен командалық рухты қалыптастыру болды.
Жарысқа 8 және 9 сынып командалары белсенді қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жеңіске жету жолында шеберлік, жылдамдық және төзімділік танытты. Ойын барысында оқушылар өзара сыйластық пен әділ бәсекелестіктің үлгісін көрсетті.
