Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ «Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыт
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ «Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған көрменің мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Көрмеге бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысып, өз қиялдары мен шеберліктерін қағаз бетіне түсірді. Суреттерде шаңғы тебу, конькимен сырғанау, хоккей ойыны, мәнерлеп сырғанау сияқты қысқы спорт түрлері бейнеленді. Әрбір жұмыс баланың спортқа деген сүйіспеншілігін, қыс мезгілінің көркем табиғатын және белсенді демалыстың маңызын айқын көрсетті.
