https://www.facebook.com/share/v/1CXog3qqRQ/
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ «Дені саудың – жаны сау» дене шынықтыру апталығы аясында 5–6 сынып оқушылары «Көңілді үзілістер» флешмобын биледі.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сергектігін арттыру, үзіліс уақытын тиімді әрі көңілді өткізуге ықпал ету, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Флешмоб барысында оқушылар әуен ырғағымен үйлесімді қимылдар жасап, белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Әр сынып өздерінің дайындығын көрсетіп, би қимылдарын ерекше көңіл-күймен орындады.