Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған қамқорлық акциясы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік, жанашырлық пен өзара қолдау құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақты үлк
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған қамқорлық акциясы жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік, жанашырлық пен өзара қолдау құндылықтарын насихаттау, өскелең ұрпақты үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Акция аясында мектептің еріктілер тобы жалғыз басты зейнеткерлердің үйлеріне барып, ауласындағы қарды тазалап, күнделікті тұрмыстық жұмыстарға көмектесті.
Мұндай игі шаралар оқушылардың жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың бойында мейірімділік, қайырымдылық және адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Қамқорлық акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
