Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 4-сынып оқушылары арасында «Зерделі ұрпақ» республикалық онлайн олимпиадасы ұйымдастырылып, өткізілді. Олимпиада математика, жаратылыстану және қазақ тілі пәндері бойынша өтті. Олимпиаданың мақсат
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 4-сынып оқушылары арасында «Зерделі ұрпақ» республикалық онлайн олимпиадасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Олимпиада математика, жаратылыстану және қазақ тілі пәндері бойынша өтті.
Олимпиаданың мақсаты:
• оқушылардың пәндер бойынша білімдерін тереңдету және білім деңгейін анықтау;
• логикалық ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
• оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
• дарынды және білімді оқушыларды анықтап, қолдау көрсету;
• өз білімін түрлі деңгейдегі олимпиадаларда сынауға мүмкіндік беру.
Оқушылар олимпиада тапсырмаларын қызығушылықпен орындап, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті. 
Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!