Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Байкалұлы Дастан мен Толықбаев Досжан Қ. Шайменов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен аумақтық «Сәкен оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. «Сыр санды
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары Байкалұлы Дастан мен Толықбаев Досжан Қ. Шайменов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен аумақтық «Сәкен оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
«Сыр сандықты ашып қара» номинациясы бойынша
Байкалұлы Дастан І орынға ие болды!
Жетекшісі: Усенова Асем Оразалиновна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«Сыр пернені басып қара, басып қара жырласын» номинациясы бойынша С. Сейфуллиннің әндерін нақышына келтіре орындаған
Толықбаев Досжан І орын иеленді.
Жетекшісі: Адьят Байкал, музыка пәнінің мұғалімі.
Оқушыларымыз аудандық “Сәкен оқулары” байқауына жолдама алды
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
Жас ұрпақтың өнері мен таланты — ұлт руханиятының жарқын жалғасы.
Жеңістеріңіз көп болсын! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!