back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Қарттар күні
04-10-2026 09:07
Қариясы бар үйдің – қазынасы бар»
Қарттар күніне орай мектебімізде «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» атты мерекелік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Мерекелік кеш барысында қарттарға арналып әндер шырқалып, күйлер тартылып, әсем билер мен жүрекжарды тілектер ұсынылды. Кездесу барысында оқушылар қариялармен жылы жүздесіп, олардың өмір жолы, еңбек тәжірибесі мен өнегелі әңгімелерін тыңдады.
Қарияларымыз да өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, жас ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтты.
Қарттарын қадірлеген елдің – берекесі артып, ұрпағы өнегелі болады. Осындай тағылымды кездесулер үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеп, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайта түседі.
Барша қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
 
https://www.facebook.com/share/v/1LSKsJ8LHm/
Жаңалықтар