М.Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиеленушілерімен «Домбыра үнін тыңдайық» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Балалар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбырамен танысып, оның құрылысын көрді және күмбірле
М.Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиеленушілерімен «Домбыра үнін тыңдайық» тақырыбында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Балалар қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбырамен танысып, оның құрылысын көрді және күмбірлеген әсем үнін тыңдады. Ұлттық күйдің әуезіне құлақ түріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасы туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды.
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбырамен таныстыру, күй тыңдау арқылы музыканы қабылдау қабілетін дамыту. Ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.