Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары Байтуған жалпы білім беретін мектебінде өткен «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді! Аталған олимпиадаға Нұра ауда
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары Байтуған жалпы білім беретін мектебінде өткен «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді!
Аталған олимпиадаға Нұра ауданының 3–4-сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен зеректіктерін сынға салды.
Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік – оқушылардың ізденісі мен табандылығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен еңбегінің жемісі.
Мақсаты: оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын жетілдіру және дарынды оқушыларды анықтау.
Міндеті: оқушылардың білім деңгейін шыңдау, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасау.
Жеңістеріңіз құтты болсын, жас дарындар! Облыстық кезеңде сәттілік серік болып, мектебіміздің мерейін тағы да үстем ете беріңіздер!