back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Нұра ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінде 8–11-сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік мектеп форматы бойынша пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Аталған турнирге Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің намысы
24-10-2026 10:19
Нұра ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінде 8–11-сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік мектеп форматы бойынша пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өткізілді. Аталған турнирге Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің намысы
Нұра ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебінде 8–11-сынып оқушылары арасында Дүниежүзілік мектеп форматы бойынша пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өткізілді.
Аталған турнирге Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің намысын қорғап, 9-сынып оқушылары Ербөкен Жәнібек, Муса Айым және Байкалұлы Дастан қатысты. Зияткерлік сайыста оқушылар өздерінің шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін, дәлелді пікір айту және өз көзқарастарын қорғау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.
Нәтижесінде мектебіміздің командасы жүлделі ІІ орынға ие болып, тамаша жетістікке қол жеткізді!
Турнирдің мақсаты – оқушылардың сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шешендік өнерін жетілдіру, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуге үйрету және қоғамдық мәселелерге саналы көзқарасын қалыптастыру.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымызға алдағы уақытта толағай табыстар, жаңа жеңістер мен шығармашылық шабыт тілейміз!
Жас пікірсайысшыларымыздың білім мен ізденіс жолындағы қадамдары сәтті болып, мектебіміздің абыройын асқақтата берсін!
Жетекшісі: Адьят Б.
Жаңалықтар