Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2, 4 қазақ сыныптарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділетті Қазақстан: адал азамат – озық ұлт» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға адалдық, әділд
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2, 4 қазақ сыныптарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділетті Қазақстан: адал азамат – озық ұлт» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік, отансүйгіштік және адамгершілік құндылықтарының маңызы түсіндірілді.
Сонымен қатар «Жеке қауіпсіздік. Үй жағдайындағы ойындар» тақырыбында қауіпсіздік сабағы ұйымдастырылып, үй жағдайында ойын ойнау кезіндегі қауіпсіздік ережелері, тұрмыстық заттарды дұрыс пайдалану және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды.