«Асыл қасиет – адамдық, асыл міндет – адалдық» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «Асыл қасиет – адамдық, асыл міндет – адалдық» тақырыбында кезекті отырысы өтті. Отырыстың мақсаты – оқушылардың бойын
«Асыл қасиет – адамдық, асыл міндет – адалдық»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Адал ұрпақ» еріктілер клубының «Асыл қасиет – адамдық, асыл міндет – адалдық» тақырыбында кезекті отырысы өтті.
Отырыстың мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, адамгершілік, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту.
Іс-шара барысында оқушыларға тақырыпқа сай баяндама оқылып, тәрбиелік мәні бар бейнеролик көрсетілді. Оқушылар адалдық пен адамгершіліктің қоғамдағы маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар клубтың алдағы жұмыс жоспары талқыланып, ұйымдастырылатын іс-шаралар мен атқарылатын міндеттер айқындалды.