М.Дулатұлы атындағы мектептің ұстаздары «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына белсене қатысып, алғашқы бес кітапты оқып, әр шығармаға өзіндік ой-пікірлерін білдіріп, марафонның алғашқы кезеңін сәтті аяқтады. Нәтижесінде ұстаздарымызға арнайы сертифи
М.Дулатұлы атындағы мектептің ұстаздары «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына белсене қатысып, алғашқы бес кітапты оқып, әр шығармаға өзіндік ой-пікірлерін білдіріп, марафонның алғашқы кезеңін сәтті аяқтады.
Нәтижесінде ұстаздарымызға арнайы сертификаттар табысталып, «Талапты оқырман» төсбелгісі берілді.
Кітап оқу – тек білім жинау емес, ой-өрісті кеңейту, рухани әлемді байыту, өмірге деген көзқарасты қалыптастыру жолы. Ал өзі кітап оқитын ұстаз – шәкіртіне үлгі болатын тұлға.
Ұстаздарымыздың оқуға деген құлшынысы мен ізденісі арта берсін! Әрбір оқылған кітап жаңа ойға, жаңа белеске жетелесін!
Кітап оқитын ұстаз – кітап оқитын ұлттың негізі!