«Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
Мектебімізде адалдық, әділдік және адамгершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында «Адалдық сағаты» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға адалдықтың қоғамдағы маңызы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, шынайылық пен жауапкершіліктің адам өміріндегі рөлі туралы ақпарат берілді.
Сабақ барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, адал азамат болудың маңыздылығын талқылады. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg