балалар алаңын абаттандыру
24 сәуір күні Р. Асубаев атындағы «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешілері балалар алаңын абаттандыру мақсатында сырлау жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында алаңдағы ойын құралдары жаңартылып, эстетикалық келбеті жақсартылды. Бұл жұмыстар балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада ойнауына мүмкіндік жасап, орталық аумағының көркеюіне өз үлесін қосты.