back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Тұман арасындағы жарық: мектеп жетістігінің көрінбейтін қыры»
04-05-2026 11:14
«Тұман арасындағы жарық: мектеп жетістігінің көрінбейтін қыры»
«Тұман арасындағы жарық: мектеп жетістігінің көрінбейтін қыры»
Қазіргі мектептегі психологиялық қауіпсіздік пен эмоционалдық әл-ауқат архитектурасы
Қазіргі білім беру кеңістігінде оқушылардың сапалы білім алуымен қатар, әрбір бала үшін қауіпсіз, қолдаушы әрі психологиялық тұрғыдан жайлы орта қалыптастыру ерекше маңызға ие. Осы өзекті тақырыпқа арналған «Тұман арасындағы жарық: мектеп жетістігінің көрінбейтін қыры. Қазіргі мектептегі психологиялық қауіпсіздік пен эмоционалдық әл-ауқат архитектурасы» атты кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу интенсиві КММ «Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» базасында өткізілді.
Аталған іс-шараға КГУ Р.Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп ұжымы қатысты: мектеп директоры М.А. Есенова, әлеуметтік педагог Аргимбаева И.С, педагог-психолог Шаймерденова А.Б. Кездесу барысында білім алушылардың психоэмоционалдық әл-ауқаты, мектептегі сенімді атмосфера қалыптастырудағы педагогтар мен ата-аналардың рөлі, сондай-ақ эмоционалдық күйзеліс пен мазасыздықтың алдын алу жолдары талқыланды.
Іс-шарада мектеп ортасындағы психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамыту, жоғары оқу жүктемесі кезеңінде балаларға қолдау көрсету және әр баланың тұлғалық әлеуетін ашуға жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кәсіби диалог аясында мамандар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімді әдістерімен, тәжірибелік жұмыстарымен және табысты іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Осындай іс-шараларға қатысу педагогтердің кәсіби дамуына ғана емес, мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, инновациялық идеялармен алмасуға және балаларға психологиялық қолдау көрсету бағытындағы жаңа шешімдерді іздеуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда мектеп – тек білім беретін орын ғана емес, сонымен қатар баланың өзін тануына, қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуына, қиындықтарды жеңуіне және ересектердің қолдауын сезінуіне мүмкіндік беретін маңызды орта. Сенімге, құрметке және эмоционалдық жайлылыққа негізделген атмосфера қалыптастыру – табысты білім беру үдерісінің басты шарттарының бірі.
Тәжірибе алмасу алаңы қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп, өскелең ұрпақтың психологиялық денсаулығын сақтау жолындағы педагогтер, психологтер мен әлеуметтік педагогтердің бірлескен жұмысының маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.
Новости