«Ер есімі – ел есінде» атты тарих сабақ
Мектеп мұражайында тарих пәнінің мұғалімі Темирова А.А
«Ер есімі – ел есінде» атты тарих сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға ел үшін ерлік көрсеткен батырлар мен тарихи тұлғалардың өмірі мен еңбегін таныстыру, патриоттық тәрбие беру. Сабақ барысында оқушылар мұражай экспонаттарымен танысып, тарихи деректер арқылы батырлардың ерлігі туралы мағлұмат алды. Іс-шара оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.