back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»
06-05-2026 11:36
«Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар»

Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай мектебіміздің 3-сынып оқушыларымен «Ел ертеңі – бүгінгі жас ұландар» атты салтанатты сынып сағаты өткізілді.Басты мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты ояту, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және қазақ әскерінің айбынын ұлықтау.Сынып сағаты барысында:Оқушылар Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихымен танысып, ата-бабаларымыздың ерлік жолдарын еске алды;«Болашақ сарбаз» атты интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылып, оқушылар ептілік пен білімділік танытты;Оқушылар Отан, батырлық және бейбітшілік туралы жыр шумақтарын оқып, патриоттық әндер шырқады.Шара соңында болашақ Отан қорғаушылар – сыныптың ұл балаларына естелік сыйлықтар табысталып, ізгі тілектер айтылды. Бұл кеш балаларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың елжанды азамат болып өсуіне жол сілтеді.

Новости