Қаңтар айының 22 - күні «Бракержадық» комиссия отырысы өтті. Отырыстың мақсаты; Мектеп асханасының арендаторы Аида Коймановамен бірлесіп, азық-түлік тасмалдаушы мен келісілген шарт бойынша шикі заттардың сертификаттарды және өнімдерді сапалы жеткізілуі ескертіліп, айтылды. Мектеп асханасында қол жуатын орында суық және жылы су ағып тұр және қажетті гигиеналық құралдармен қамтылған. Қоқыс тастайтын урналар бар.
Залдың эстетикалық безендірілуі – жақсы, тиісті ақпараттар, оның ішінде оқушылардың тамақ ішу кестесі, арыз-шағым журналы, перспективалық және күндік ас мәзірі ілінген.
Оқушылар ыстық тамаққа уақытылы барады. Тексеріс жүргізу кезінде оқушыларға берілетін тағам перспективалық ас мәзірі және күндік ас мәзірімен сәйкес келді.
Тамақ сапасы – жақсы, температурасы – орташа.
Мектеп асханасында бекітілген кезекшілікке сәйкес мұғалімдер оқушылардың асханада тамақ ішуін бақылауда ұстап, қадағалауда.
Мектеп асханасында оқушылардың тамаққа келу деңгейі – жақсы. Ас мәзірі бекітілеген ас мәзіріне сәйкес келеді.
Асханада барлық санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.


