back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
«Ана – өмір шуағы»
15-05-2026 12:10
«Ана – өмір шуағы»
«Абай ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысы бойынша «Жастар Альянсы» ҚБ ұйымдастыруымен Абай қаласының мәдениет үйінде Аналар күніне арналған «Ана – өмір шуағы» атты 5 пен 12 жас аралығындағы балалар арасында өлең оқу байқауы өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас бүлдіршіндердің бойында анаға деген сүйіспеншілік, алғыс пен құрмет сезімдерін қалыптастыру, өнерге баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Аталған байқауға Топар кентіндегі «Ақерке» бөбекжайы КМҚК тәрбиеленушілері Танхай Айлин мен Бәйтік Сағдат қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау барысында кішкентай ханшайымымыз Танхай Айлин ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Ана, сен бақыттысың» атты жүрекке жылы өлеңін мәнерлеп оқып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, ІІ орын жүлдесін иеленді.
Сонымен қатар, Бәйтік Сағдат анаға деген ыстық ықыласын «Ана» әні арқылы жеткізіп, көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.
Бүлдіршіндеріміздің жетістігі – олардың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ тәрбиеші А.Келгенбек, музыкалық жетекші А.Д.Мукушева мен ата-аналарының қолдауының нәтижесі. Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!
Новости