back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Ақерке» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Танымдық экскурсия – қауіпсіздікке бастар қадам!
15-05-2026 12:33
Танымдық экскурсия – қауіпсіздікке бастар қадам!
Танымдық экскурсия – қауіпсіздікке бастар қадам!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің 2026 жылға арналған «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында «Ақерке» бөбекжайының тәрбиеленушілері үшін ерекше танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Мектепалды топ балалары тәрбиешілері С.М. Мукашева мен Б.Т. Токшылыкова жетекшілігімен Топар кентінің өрт сөндіру бөліміне экскурсияға барып қайтты.
Экскурсия барысында балалар өрт сөндіруші мамандығының маңыздылығымен танысып, олардың күнделікті атқаратын қызметі туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, арнайы өрт сөндіру техникаларын, құрал-жабдықтарын көріп, олардың қалай қолданылатынын тамашалады.
Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстау жолдары көрсетілді. Қызықты сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді.
Бұл экскурсия бүлдіршіндерге ерекше әсер қалдырып, олардың батылдыққа, жауапкершілікке деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті. Балалар құтқарушы мамандығына қызығушылық танытып, қауіпсіздік мәдениетінің маңызын түсінді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы біз өскелең ұрпақты тәртіпке, ұйымшылдыққа және қоғамға пайдалы болуға тәрбиелейміз!
Новости