Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде балалардың бос уақыты көбейіп, көшеде және үйде көбірек уақыт өткізеді. Осыған байланысты балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Үйдегі қауіпсіздік
• Баланы үйде ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз.
• Терезелерге арнайы қорғаныш құралдарын орнатыңыз, терезе жанында жиһаз тұрмауын қадағалаңыз.
• Сіріңке, дәрі-дәрмек, өткір және электр құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Газ және электр құрылғыларын пайдалануда сақ болуға үйретіңіз.
• Бөгде адамдарға есік ашпау керектігін түсіндіріңіз.
• Төтенше жағдайларда хабарласатын телефон нөмірлерін жаттатыңыз.
Көшедегі қауіпсіздік
• Жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту ережесін түсіндіріңіз.
• Бағдаршам белгілерін сақтауға үйретіңіз.
• Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу және олармен бірге ешқайда бармау керектігін ескертіңіз.
• Ауладан немесе ойын алаңынан рұқсатсыз алыс кетпеуін қадағалаңыз.
• Велосипед, самокат тебу кезінде қорғаныш құралдарын (шлем, тізелік) қолданған дұрыс.
• Су айдындарының маңында балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Құрметті ата-аналар!
Балалардың өмірі мен денсаулығы – ересектердің басты жауапкершілігі. Баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық!