2026 жылдың 23 сәуірінде біздің балабақшамызда инклюзивті практика аясында ата-аналарға арналған консультациялық пункттің кезекті отырысы өтті.
2026 жылдың 23 сәуірінде біздің балабақшамызда инклюзивті практика аясында ата-аналарға арналған консультациялық пункттің кезекті отырысы өтті.
Бұл кездесуде «Көктемді іздеу» атты клубтық сағат ұйымдастырылды. Онда ата-аналар балалармен бірге станциялар бойынша саяхаттап, түрлі тапсырмаларды орындады. Ал соңында балақайлар Көктемнен сыйлық алып, эксперименттік іс-әрекет барысында алғашқы гүлдердің қалай бүршік жаратынын тамашалады.
Осы кездесуден ата-аналар мен балалар зор қуаныш пен жағымды әсер алды.