2025–2026 оқу жылына арналған КМҚК «Салтанат» бөбекжай-бақшасының Құзыреттілік орталығы жоспарын іске асыру аясында, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында, 2026 жылғы 9 сәуірде кезекті отырыс өтті. Аталған отырыста «Өсу нүктелері» педагогтерімен тәрбиеші Родь М.Н. «Мектепке дейінгі балалармен экологиялық тәрбие бойынша жұмыстың инновациялық формалары» тақырыбында кеңес-жадынама өткізді.
Отырыс барысында педагогтер мәселенің теориялық бөлімімен таныстырылып, ұсыныстар алды, сондай-ақ практикалық тапсырмалар арқылы аталған тақырып бойынша меңгерген білімдерін пысықтады.









